Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы КЕЛІСІМ (Сианьда қ., 2023 жыл 17 мамыр)
ҚР 2023 жылғы 6 қазандағы № 32-VIII Заңымен ратификацияланды 2023 жылғы 11 қарашада күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі Тараптар арасында ақпарат алмасуға одан әрі жәрдемдесу мақсатында, өзара құрмет және теңқұқықты консультациялар негізінде, ақпарат берудің тиісті тетігін құру туралы келісімге қол жеткізіп, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісім шеңберінде мынадай негізгі бағыттар: 1. Тараптар мемлекеттерінің аумағында болу мақсаттары бойынша Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына визасыз келулер, сондай-ақ берілген визалар саны. 2. Бір Тараптың өз мемлекетінің азаматтығына қабылданған немесе азаматтығы қалпына келтірілген екінші Тараптың азаматтары туралы мәліметтер беруі бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады. Тараптар мемлекеттерінің азаматтығына қабылдау Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес келуге тиіс. 3. Екі Тарап мемлекеттері азаматтарының мүдделерін қорғау үшін Тараптар мемлекеттерінің осы Келісім күшіне енгенге дейін өз азаматтығын ауыстырған азаматтары туралы мәліметтермен өзара алмасу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады. Тараптардың құзыретті органдары мұндай мәліметтерді осы Келісім күшіне енгеннен кейін 6 (алты) ай ішінде дипломатиялық арналар арқылы жібереді. Тараптар азаматтардың тізімдерін алған кезде Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өзінің бұрынғы азаматтығының болуы не тоқтатылуы туралы адамдар бойынша ақпаратты 2 (екі) ай ішінде жібереді. 4. Тараптар келу, болу және кету қағидаларын бұзған екінші Тарап мемлекетінің азаматтарына қатысты бір-біріне хабарлайды.
Мыналар: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|