Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2021 жылғы 15 сәуірдегі №1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен): 1) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2) 2-тармақта: бірінші абзац мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші сөйлемдермен толықтырылсын: «Талап қою арызы электрондық форматта берілген кезде неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасы сотқа талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданғанға дейін ұсынылуы тиіс. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда арыз қайтарылуға жатады.»; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптарды қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою арызында Кодекстің 238-бабы 2-тармағының тәртібімен тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға жауапкердің келісімінің жоқтығы не оның қарсылығының болмауына қарамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарғаны көрсетіледі.»; 3) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Кодекстің 17-бабының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар болмаған кезде тіркеуші органда жүргізіледі. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|