Осы редакция 2019 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 36-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы (2018.16.10. берілген өзгерістермен)
1. Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160000, Қазақстан Републикасы, Шымкент қаласы, Майлы-Қожа көшесі, 5. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|