«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 656 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17603 тіркелген) мынадай өзгерістер жазылсын:
мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы адвокаттың есебінің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда көрсетілсін;
адвокаттар көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы адвокаттар алқасының жиынтық есебінің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда көрсетілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 656 бұйрықтың
1-қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
20__ жылғы «__» ____________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі
Есептік кезең 20___ жылғы «____»___________
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1 - (МКБЗК)
Кезенділік: ай сайын
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналыстырылған: www.gov.kz
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: адвокат