|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 қаңтардағы № 8-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін» деген сөздер алып тасталсын; 2) 14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 14) тармақшасы және 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын; 3) 47-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді» деген сөздер алып тасталсын. 2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат): 1) 1-баптың 1-тармағының 37-4) тармақшасы алып тасталсын; 2) 7-баптың 1-тармағының 117) тармақшасы алып тасталсын. 3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 97-1, 107-1 және 192-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «97-1-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуы»; «107-1-бап. Баланы қайта асырап алу»; «192-1-бап. Әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу»; 26-тараудың, 204 - 219-баптардың, 29-тараудың, 248 - 256, 267-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 2) 22-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі.»; 3) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Ерлі-зайыптылар соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан некеге отыруға (тіркелуге) (ерлі-зайыпты болуға) құқылы.»; 4) 47-бапта: 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлікке немесе акт жазбасына, сондай-ақ бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы өтінішке сәйкес баланың әкесі ретінде адам көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастауды тіркеуші орган соттың тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасындағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы шешімі негізінде жүргізеді. Өзге жағдайларда әкесі туралы мәліметтерді алып тастау бала туған кезде некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша осы Кодекстің 183-бабына сәйкес жүргізіледі.»; 5) 49-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әке болуды тану фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешім заңды күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тіркеуші органға электрондық түрде жіберуге міндетті.»; 6) 51-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «анықтауды мемлекеттік тіркеуден» деген сөздер «анықтау туралы өзгерістер енгізуден» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпарат қамтылатын құжаттарды беруге құқылы емес. Асырап алынған бала туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде ұсынылады.»; 8) 63-баптың 2-тармағында: екінші бөлік «Бөлек» деген сөзден кейін «не дефис арқылы» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Әкесінің қосарланған аты болған жағдайда, әкесінің қосарланған аты бойынша, олардың біреуі бойынша не әкесінің екі аты бірге жазылып балаға әкесінің атын беруге жол беріледі.»; 9) 64-баптың 3-тармағы «бөлек тұрса» деген сөздерден кейін «не балаға қатысты әке болу анықталса» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 85-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланың тұратын жеріндегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға бала асырап алуға тілек білдіргені туралы өтініш беруге, сондай-ақ жиынтық кірісінің мөлшері, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға және баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемінде екі апта тікелей қарым-қатынас жасауға міндетті.»; 11) 97-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігі: «баланы» деген сөзден кейін «некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған)» деген сөздермен толықтырылсын; «адамның аты бойынша» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 192-бабына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: «бала асырап алуды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу кезінде бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды жазу кітабына асырап алынған баланың әкесінің (анасының) аты, әкесінің аты және тегі жазылады» деген сөздер «асырап алынған баланың әкесінің (анасының) аты, әкесінің аты және тегі бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына жазылады» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бала асырап алушының өтініші бойынша әкесінің (анасының) көрсетілген тегі бала асырап алушының тегі бойынша беріледі.»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімі және баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде кез келген тіркеуші органда жүргізіледі. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына бала және бала асырап алушылар туралы мәліметтер сот шешімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес енгізіледі.»; 12) мынадай мазмұндағы 97-1-баппен толықтырылсын: «97-1-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуы 1. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің асырап алуы, оның ішінде мұндай бала асырап алудың күшін жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 2. Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды бақылауды Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.»; 13) 98-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Асырап алынған баланың дербес деректері өзгерген кезде, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен жеке сәйкестендіру нөмірін шартты түрде алып тастай отырып, тууды мемлекеттік тіркеу туралы жаңа акт жазбасын тіркеу жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Соттың бала асырап алу туралы шешімі негізінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасы тіркелгеннен кейін немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы жоғалған акт жазбасы қалпына келтірілгеннен кейін жүргізіледі.»; 14) 105-баптың 4-тармағындағы «бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу» деген сөздер «тууды мемлекеттік тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 107-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу» деген сөздер «тууды мемлекеттік тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) мынадай мазмұндағы 107-1-баппен толықтырылсын: «107-1-бап. Баланы қайта асырап алу Сот бала асырап алу туралы шешімнің күшін жойғаннан кейін ғана баланы қайта асырап алу мүмкін болады.»; 17) 121-баптың 3-тармағындағы «бір ай» деген сөздер «жиырма жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын: «177-бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды қоспағанда), атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімдерде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетіледі. Соттың шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында оған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қою арқылы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуге, қалпына келтіруге, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта беруге тыйым салынады.»; 19) 181-баптың 4-тармағындағы «Республика бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуші органдарда және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 182-баптың 2-тармағындағы «, әке болуды анықтауды, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуын тіркеу» деген сөздер «тіркеу, әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 183-баптың 2-тармағындағы «тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға» деген сөздер «қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) 184-бапта: 1-тармақтағы «тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға» деген сөздер «қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 6-тармақтағы «жоғалған жазба жасалған» деген сөздер «өтініш берілген» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 185-бапта: 2-тармақтағы «тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға» деген сөздер «қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «, жойылуға жататын жазба жасалған жер бойынша» деген сөздер «өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 186-баптың 4-тармағындағы «тіркеуге, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауға, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге» деген сөздер «, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 187-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде дәлелді себеппен ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікке не неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін тіркеу кезінде ол туралы мәліметтер анасының өтініші бойынша және туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер өзінің сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады. Азаматтық хал актілеріне ата-анасының атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегін, ұлтын жазу осы Кодекстің 50, 51 және 63-баптарына сәйкес жүргізіледі.»; 26) 188-бап мынадай редакцияда жазылсын: «188-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны 1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының не олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Егер ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен бір мезгілде әке болуды анықтау туралы өтініш беріледі. 3. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі. Экспедицияларда және шалғай жерлерде, сондай-ақ анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе пойызда болған кезде туылған баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың туылған жері деп баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі. 4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан, мынадай құжаттардың бірін: 1) туу туралы куәліктің түпнұсқасын; 2) туу туралы акт жазбасының көшірмесін; 3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын көрсеткен кезде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған кезде, соттың туу фактісін анықтау туралы шешімінің көшірмесі көрсетіледі.»; 27) 189-баптың екінші бөлігі алып тасталсын; 28) 190-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлікте: бірінші сөйлемдегі «жазбаша нысанда» деген сөздер алып тасталсын; екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке, егер ата-анасы немесе олардың біреуі шетелдік не азаматтығы жоқ адам болса, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, егер неке Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қиылса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі.»; екінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын: «Баланың тууын мемлекеттік тіркеу «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсыну талап етілмейді. Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, олардың мәтінінің нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады. Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттары мәтіні аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.»; 2-тармақтағы «көрсетілетін қызметтер стандартына» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге» деген сөздермен ауыстырылсын; 29) 192-бапта: 3-тармақта: бірінші бөлік «куәліктің» деген сөзден кейін «немесе акт жазбасының» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі «анықтау туралы актілер жазбасының» деген сөздер «анықтау» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «әке болуды анықтауды тіркеу және» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.»; 4-тармақтың екінші бөлігінде: бірінші абзац «Мұндай жағдайда» деген сөздерден кейін «тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) егер әке болу баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде анықталатын болса, осы Кодекстің 192-1-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;»; 30) мынадай мазмұндағы 192-1-баппен толықтырылсын: «192-1-бап. Әке болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу 1. Әке болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар: 1) ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші; 2) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген, анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әкесінің өтініші; 3) соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі негізінде енгізіледі. 2. Егер сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысы өтініш беруші болып табылса, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуден бас тартылады.»; 31) 198-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «медициналық ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігер берген белгіленген нысандағы туу туралы құжаты» деген сөздер «осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 2-тармақтағы «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің» деген сөздер алып тасталсын; 32) 201-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын; 33) 203-баптың 7) тармақшасындағы «күнін қамтиды.» деген сөздер «күнін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.»; 34) 26-тарау алып тасталсын; 35) 229-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдік, азаматтығы жоқ адам арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде қиылуы мүмкін.»; 36) 232-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйе мәліметтерінің негізінде береді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі.»; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер өтініш беруші бұрын некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті немесе сот шешімін не жұбайының қайтыс болуы туралы куәлікті көрсетеді.»; 37) 237-баптың 7) тармақшасындағы «нөмірін қамтиды.» деген сөздер «нөмірін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.»; 38) 238-баптың 1-тармағындағы «, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі» деген сөздер алып тасталсын; 39) 239-бап мынадай редакцияда жазылсын: «239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу орны Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.»; 40) 241-бапта: 1-тармақта: «некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы,» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.»; 3-тармақта: «Бұрынғы ерлі-зайыптылар (олардың әрқайсысы) немесе әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы» деген сөздер «Әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 4-тармақтағы «Егер» деген сөз «Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, егер» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |