Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы (2015.18.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығымен бекітілген
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі
1. Этил спиртін мен алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі - өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы немесе ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспортында (бұдан әрі - паспорт) мынадай мәліметтер қамтылады: 1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің) атауы; 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен берілген күні, куәлікті немесе анықтаманы берген органның атауы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|