Қазақстан Республикасының (2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі 5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу 6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті 9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау 10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу 11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы 12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар 13-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары 14-бап. Міндетті резервтер және банк кепілдігі 15-бап. Ойын мекемелеріне келудің тәртібі мен ерекшеліктері 16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен мәтінде «ойын мекемесін ұйымдастырушы», «ойын мекемесін ұйымдастырушыға», «ойын мекемесін ұйымдастырушының», «ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың» деген сөздер тиісінше «ойын бизнесін ұйымдастырушы», «ойын бизнесін ұйымдастырушыға», «ойын бизнесін ұйымдастырушының», «ойын бизнесін ұйымдастырушылардың» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «ставка», «ставкалар», «ставкаларды», «ставкалардың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұйымдар пайдаланылады: 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық - бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар; 3) букмекер кеңсесі - ойын бизнесін ұйымдастырушы мен қатысушылар арасында ерікті түрде бәс тігу жасалатын ойын мекемесі; 4) заңдастырылған белгілер - ойын мекемесінің кассалары арқылы сатылатын және құмар ойындарға қатысу үшін ойын мекемелерінде пайдаланылатын, қолма-қол ақшаны алмастыратын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) интернет-казино - нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс; 5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі; 6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы - ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, қолма-қол ақшаны заңдастырылған белгілерге және заңдастырылған белгілерді қолма-қол ақшаға ұсату (айырбастау) бойынша қызметтер көрсететін ойын мекемесіндегі орын; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7) құмар ойын - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) міндетті резервтер - ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге меншік құқығында тиесілі, оның ішінде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын салымды беру шарттарымен банктік салым шарты негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9) тармақша жаңа редакцияда 9) ойын автоматы - құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын, ұтысын ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы кездейсоқ тәсілмен айқындайтын ойын жабдығы (механикалық, электр, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық); 10) ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі; 11) ойын бизнесі - құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12) тармақша жаңа редакцияда 12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 14) ойын жабдығы - құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 15) ойын мекемесi - ұтыс алуды көздейтiн, осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес құмар ойындары және (немесе) бәс тiгу өтетiн ғимарат, үй-жай, құрылыс; 16) ойын үстелі - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы; 17) 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 17-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17-1) өтiнiм берушi - Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 17-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 17-2) мөлшерлеме - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы; 18) тотализатор - ойын бизнесін ұйымдастырушының делдалдығы арқылы қатысушылардың арасында бәс тігу жасалатын ойын мекемесі; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19) тармақша жаңа редакцияда 19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы - бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу жүзеге асырылатын орын; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 19-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, мөлшерлемелер қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе; 20) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21) тармақша жаңа редакцияда 21) ұтыс - құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды 22) электрондық казино - аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет-ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін мекеме.
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың құқықтық жағдайы мен қызметінің ерекшеліктеріне байланысты; 2) ойынның өзін өткізу және (немесе) бәс тігу кезінде ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылар арасында туындайтын; 3) ойын бизнесін ұйымдастырушы мен уәкілетті органның арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Осы Заңның күші лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ ойын автоматтарын пайдалана отырып, ұтыссыз қызметтер көрсетуге, спорттық іс-шараларды, оның ішінде боулинг (кегельбан), картинг, бильярд өткізуге байланысты қызметке қолданылмайды.
4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі принциптері Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың негізгі принциптері: 1) ойын бизнесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды; 2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз қызметін жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу нысандары: 1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау; 2) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру; 3) ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері 1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады: 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының аумағында: 1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға; 2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне; 3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге; 4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға; 5) ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуға), ұтыс төлеуге; 6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне тыйым салынады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді, сондай-ақ өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті 1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) ойын бизнесін ұйымдастырушының осы Заңның 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді; 5) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны береді; 6) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді; 7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылды 7-1) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асырады; 7-2) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады; 7-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Өзге мемлекеттік органдар ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Ойын бизнесі саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады. 3. Лицензиялық алымның мөлшері, оны есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы 1. Казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс. 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңынмен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде, өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді. 5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады. 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7. Ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық орнатуға міндетті. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 12. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің тиісті кассалары және (немесе) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассалары арқылы қабылдайды. 2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар13-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары14-бап. Міндетті резервтер және банк кепілдігі15-бап. Ойын мекемелеріне келудің тәртібі мен ерекшеліктері16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер |