|
Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 393/1 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабы 2 - тармағына, 37 - бабы 8 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы Ереже бекітілсін. 2. Павлодар қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 775/2 қаулысымен бекітілді
«Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ЕРЕЖЕ
1. «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Павлодар қаласының тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|