Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу»; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу»; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу»; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу»; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу»; 7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру»; 8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Селекциялық жетістікке қорғау құжатын беру»; 9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу»; 10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін ұсыну»; 11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау»; 12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|