Осы редакция 2016 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 2-қосымша
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7-5)-тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды. 2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде өткізіледі. 3. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін Комиссия туралы ережеге сәйкес айқындалады. Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады. Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы орган болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша осы Қағидада көзделген конкурсты ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|