Өсімдік шаруашылығы бойынша әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысандарды бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № 1-1/256 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ішкі есеп картасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Өсімдік шаруашылығы бойынша әкімшілік деректерді жинау үшін арналған қоса берілген мынадай: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің жағдайы туралы деректер; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сүр жердің жағдайы туралы деректер; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мал азығын дайындау туралы деректер; осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес күзгі дала жұмыстарының барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау туралы деректер; осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қар тоқтату барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес күздік дақылдар егісінің жағдайы туралы деректер; осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарында далалық жұмыстарға техникалардың дайындалу барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес қолда бар негізгі ауыл шаруашылығы техникаларының түрлері туралы деректер; осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлерін сатып алу туралы деректер нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|