Түркістан облысының жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы (2023.29.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына және 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Түркістан облысының жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 233 «Оңтүстік Қазақстан облысының жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2030 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны оны ресми түрде жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жыл
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023.12.04. № 58 Қаулысымен Мемлекеттік тізімі жаңа редакцияда (2023 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 188 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|