|
|
|
Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 5-қосымша
Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (2015.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-2-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-інің экономикалық сараптамасы қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды. 2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасы - жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау; 2) концессиялық жобаның ТЭН-і - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |