ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Экономиками ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы
Осы Жарлық бәсекелестікті дамыту, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, бизнестің шығындарын азайту арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін алдағы уақыттағы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды. Елдің экономикалық әлеуетін кеңейтуге және бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған құрылымдық экономикалық және құқықтық реформаларды жеделдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Экономиканы алдағы уақытта ырықтандырудың негізгі бағыттары болып мыналар айқындалсын: жеке меншікке қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ету; жеке кәсіпкерлік қызметінің еркіндігі және мемлекеттің нарықтық қатынастарға заңсыз араласуын болдырмау қағидаттарын толығымен іске асыру; нарыққа қатысушылардың арасындағы еркін бәсекелестікті дамыту мен қорғауды қолдау; нарыққа қол жеткізу үшін реттеуші және әкімшілік кедергілерді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жасанды артықшылықтарды жою; мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарды әкімшілендіруге бизнестің жұмсалатын шығындарын жаппай азайту. 2. Экономикалық кеңістікті босату және жекеше кәсіпкерліктің әлеуетін толығымен іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жекешелендіру процесін аяқтау және бәсекелес салалардағы мемлекеттік кәсіпорындар санының қайталама өсуіне кедергі болатын нормативтік шарттарды жолға қою, соның ішінде мынадай шаралар арқылы мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесін кең ауқымда және жедел түрде қысқартуды жүргізсін: 1) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|