Қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы (2021.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.31.12. № 419 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары бекітілсін. 2. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10677 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.31.12. № 419 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 бұйрықпен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|