«Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 206 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелері»; 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: - білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік; - білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік телнұсқасы; - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттының 10-1 тармағында көрсетілген негіздер және жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|