Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2021.10.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекiтiлген
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуінің тәртібін айқындайды. 2. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау (бұдан әрі - құқық нормасындағы кемшіліктер), сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|