ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 6-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен күші жойылды
Медициналық мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (2020.21.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Білім беру бағдарламасының паспорты
1. Медициналық мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 1) міндетті компонент пәндерін және элективті пәндерді оқытуды қамтитын теориялық және практикалық оқыту; 2) өндірістік (клиникалық) және кәсіптік/ диплом алдындағы практика; 3) аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі - ҮОЖ) негізінде жүзеге асырылады. Циклдер мен пәндерді оқу тәртібін білім беру ұйымы дербес анықтайды. 4. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Үш тілді білім беру бағдарламаларын енгізу кезінде оқыту үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. 5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасымен анықталатын ағымдағы бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандарымен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|