|
|
|
Осы редакция 2019 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.27.01. № 39 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына 6-қосымша
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2019.12.04. № 191 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: 1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |