|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2021.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары 5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу 6-бап. Қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпарат 6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құзыреті 6-2-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері 9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері 10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері 11-бап. Сұрау салу бойынша ақпарат беру 12-бап. Ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда ақпаратты орналастыру 13-бап. Мемлекеттік органдардың алқалы органдары отырыстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету 15-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру 16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру 17-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталында ақпарат орналастыру 18-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағым жасау 19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия 20-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпарат - ақпарат иеленуші алған немесе жасаған, кез келген жеткізгішке түсірілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер; 2) ақпаратқа қол жеткізу - мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және тарату құқығы; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган - ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 3) ақпарат пайдаланушы - ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) ашық бюджеттердің интернет-порталы - бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы; 5) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар; 6) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) ашық диалогтың интернет-порталы - ақпарат пайдаланушылардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы сұрау салуларды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы; 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы - жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы; 8) қол жеткізу шектелген ақпарат - мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат; 9) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа; 11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы - мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы - азаматтардың сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауаптар алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы; 12) сұрау салу - ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда пайдаланылады. 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды. 3. Осы Заңның күші «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сұрау салуларды қарау тәртібіне қолданылмайды. 4. Осы Заңның күші «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру тәртібіне қолданылмайды.
4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға негізделеді: 2) ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен айқындығы; 6) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеу; 7) жеке өмірге, жеке басының және отбасының құпиясына қол сұқпау; 8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау.
5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін.
6-бап. Қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпарат Мынадай: 1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы; 2) денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы; 3) терроризм актілерін жасау фактілері туралы; 4) экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы; 5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы; 6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы; 7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшері туралы; 8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтінін, сондай-ақ олардың жобаларын қамтитын; 9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы мен олардың жұмсалуы туралы; 10) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы; 11) ақпарат иеленушілердің, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы; 12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын ақпаратты қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі ақпаратқа қол жеткізу шектелуге жатпайды.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді; 3) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын, мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекітеді; 4) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсынады; 5) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін айқындайды; 6) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері өзіне жүктеген өзге де функцияларды орындайды.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды 6-2-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган: 1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның құрамын бекітеді; 3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу мен ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 4) ақпарат иеленушілерге ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; 5) ақпарат иеленушілермен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 6) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекітеді; 7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекітеді; 8) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекітеді; 9) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекітеді; 10) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлейді; 11) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 12) жыл сайын, 1 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есептің жобасын жібереді; 13) Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастырады; 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган: 1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізеді; 3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері 1) заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға; 2) ақпарат беру туралы сұрау салумен өтініш жасауға; 3) алынатын ақпараттың нақтылығы мен толықтығын тексеруге; 4) сұрау салуды кері қайтарып алуға; 5) ақпарат алу қажеттілігін негіздемеуге; 6) ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне, лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 7) өзінің ақпаратқа қол жеткізуге құқығын бұзумен келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның заңда белгіленген тәртіппен өтелуін талап етуге құқығы бар. 2. Ақпарат пайдаланушы осы Заңның талаптарын сақтауға міндетті.
Мыналар: 1) мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері; 2) мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер; 3) квазимемлекеттік сектор субъектілері; 4) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде - бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар; 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде -мемлекеттік монополия субъектілері; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде - заңды тұлғалар; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар ақпарат иеленушілер болып танылады.
9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері 1) құзыретіне сұратылатын ақпаратты беру кіретін тиісті ақпарат иеленушіге сұрау салу жіберуге; 2) сұрау салумен өтініш жасаған адамнан сұрау салудың мазмұнын нақтылауға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша ақпарат беруден бас тартуға құқығы бар. 1) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге; 2) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шегінде қамтамасыз етуге; 3) анық және толық ақпарат беруге; 4) берілетін ақпаратта лауазымды адам туралы мәліметтердің сәйкестендіру үшін жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз етуге; 5) ақпарат берудің заңда белгіленген мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге; 6) сұрау салулардың есебін, жинақтап қорытуды және талдауды жүргізуге; 7) ақпарат беру кезінде мүгедектер үшін қажетті жағдайлар жасауға; 8) ақпарат қамтылған интернет-ресурстардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 9) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы лауазымды адамдар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге; 10) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізуге; 11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасын сақтауға; 12) қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер интернет-порталында ашық деректер түріндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыруға; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) құзыреті шегінде ашық деректердің, ашық бюджеттердің және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталдарында орналастырылатын ақпаратты уақтылы жаңартып отыруға; 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және оны үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің болуы немесе ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті адамды тағайындауы міндетті. 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерге қосымша ретінде орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары халық алдында атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.
10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері Ақпаратқа қол жеткізу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі: 1) сұрау салу бойынша ақпаратты беру; 2) ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда және осы мақсаттарда бөлініп берілген өзге де орындарда ақпаратты орналастыру; 10-баптың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар алқаларының отырыстарына қол жеткізуді және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының ашық отырыстарын, оның ішінде бірлескен отырыстарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарының ашық отырыстарын және мемлекеттік органдардың жыл қорытындылары бойынша өткізілетін алқаларын интернет-ресурстарда онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету; 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) орталық атқарушы органдар (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептерін тыңдау және талқылау; 5) ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру; 6) ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында орналастыру; 7) ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында орналастыру; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер.
11-бап. Сұрау салу бойынша ақпарат беру 1. Сұрау салу бойынша ақпарат тегін беріледі. 2. Қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, сұрау салу бойынша кез келген ақпарат беріледі. 3. Сұрау салу құзыретіне сұратылатын ақпаратты беру кіретін ақпарат иеленушіге жіберілуге тиіс. Сұрау салу ауызша немесе жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін. 4. Ақпарат пайдаланушы өзі келіп немесе телефон арқылы ауызша сұрау салып өтініш жасай алады. Ауызша сұрау салуға мынадай ақпарат бойынша жауап беріледі: 1) ақпарат иеленушінің жұмыс кестесі; 2) ақпарат иеленушілердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының пошта мекенжайы, электрондық поштасының және (немесе) интернет-ресурстарының мекенжайы, анықтама қызметтерінің телефондары, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтер; 3) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі; 4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сұрау салуларын, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібі; 5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі; 6) сот істерін қарау кестелері; 7) ашық конкурстық сауда-саттықтар (аукциондар, тендерлер) өткізу күні мен орны туралы мәліметтер; 8) жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер; 9) ақпарат иеленуші құрған бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер (болған жағдайда); 10) бос лауазымдардың бар екендігі туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері. Ауызша сұрау салуға жауап берілген жағдайда, жауапты берген адамның есімі мен лауазымы көрсетіледі. 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Жазбаша сұрау салуда: 1) ақпаратты сұрататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі; 2) заңды тұлға атынан өтініш жасалған кезде - заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні, сұрау салуға қол қойған адамның тегі, аты-жөні мен лауазымы көрсетілуге тиіс. Сұрау салуда пошта мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы, телефон немесе телефакс нөмірі, өзге де байланыс құралдары көрсетілуге тиіс. Жазбаша сұрау салуға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиіс. Электрондық құжат түріндегі сұрау салу электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілген электрондық нысандағы сұрау салу жазбаша сұрау салуға теңестіріледі. Ақпарат пайдаланушының «электрондық үкіметтің» веб-порталында есепке алу жазбалары болған және оған ұялы байланыс операторы берген ақпарат пайдаланушының абоненттік нөмірі қосылған жағдайда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілетін сұрау салуға оның қол қоюы талап етілмейді. 6. Ақпарат иеленушіге тікелей өтініш жасаған және жазбаша нысанда сұрау салу берген ақпарат пайдаланушыға күні мен уақыты, сұрау салуды қабылдаған адамның тегі және инициалдары көрсетілген талон беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу6-бап. Қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпарат6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құзыреті6-2-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері8-бап. Ақпарат иеленуші9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері11-бап. Сұрау салу бойынша ақпарат беру12-бап. Ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда ақпаратты орналастыру13-бап. Мемлекеттік органдардың алқалы органдары отырыстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету14-бап. Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептері15-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру17-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталында ақпарат орналастыру18-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағым жасау19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия20-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |