Қазақстан Республикасы Президентінің (2017.12.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саяатты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі-Ұлттық комиссия) құрылсын. 2. Қосаберіліп отырған: 1) Ұлттық комиссия туралы ереже; 2) Ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы; 3) Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже); 4) Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы (бұдан әрі - Үлгілік құрам) бекітілсін. 3. Облыстардың, астананың, республикалық манызы бар қаланың әкімдері облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларын құрсын, олардың ережелері мен құрамдарын осы Жарлығымен бекітілген Үлгілік ережеге және Үлгілік құрамға сәйкес бекітсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы наурыздың 7-і.
№ 520
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|