Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 214 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 358-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|