Осы редакция 2018 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығына 3-қосымша
Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасау ұлттық стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің барлықтары емес (толық емес талдау) бойынша қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. 3. Тұқым егістері сапасының ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн белгілеуді аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сорттық сапасы сорттық егiстердi байқап көру актiсiмен расталады. Тек себуге ғана арналған тұқым партиясынан орташа сынамаларды iрiктеп алуды тұқым сарапшылары тұқым өндiрушiлердiң өтiнiмдерi бойынша және (немесе) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен және тиiстi қорытындысы бар тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi. Сатуға арналған тұқым партиясынан орташа сынамаларды іріктеп алуды тұқым өндірушінің өтініші бойынша тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Орташа сынамаларды iрiктеп алу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресiмделедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|