Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы (2015.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) - 3) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi. ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегі № 754 қаулысымен бекiтілген
Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар: 1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi); 2) жілiншiк протездерi; 3) жамбас протездерi; 4) кеуде бездерінiң протездерi; 5) аппараттар, туторлар, ортездер; 6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар; 7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар; 8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары; 9) ортопедиялық аяқ-киім және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар); 10) аппараттарға арналған аяқ-киім. 2. Сурдотехникалық құралдар: 1) есту аппараттары; 2) веб-камерасы бар ноутбук; 3) көп функционалды дабылды жүйелер; 4) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар; 6) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар; 7) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары. 3. Тифлотехникалық құралдар: 1) тифлотаяқтар; 2) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) оқу машиналары; 4) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук; 5) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы; 6) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi; 7) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз; 8) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар; 9) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер; 10) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар. 4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары: 1) бөлмелiк кресло-арбалар; 2) серуен кресло-арбалары. 5. Міндетті гигиеналық құралдар: 1) несеп қабылдағыштар; 2) нәжіс қабылдағыштар; ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) жөргектер.
|