Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 355 бұйрығымен күші жойылды
«Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|