Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (2019.28.08. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 «Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 167 «Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3953 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2014 жылғы 1 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|