Осы редакция 2016 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.20.02. № 90 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 10-қосымша
«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11052 болып тіркелді) бекітілген «Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштер көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залы арқылы қабылданады. Көрсетілген қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің беру секторы арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық бағалау құны туралы мәліметтер (топырақтың мелиоративтік жай-күйі, бонитет балы, жем-шөп алқаптарының дақыл техникалық жай-күйі) болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|