«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «АЭА-ның аумағы 2130 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, өңірдің туристік әлеуетін жоғарылату және келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.»; 4-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметі; 2-2) туристерді, санаторий және сауықтыру объектілерін орналастыру орындары: объектілердің ойын бизнесімен байланысты болмауы шарты сақталған кезде;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|