Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 89 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын: 1) шарттар: мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы - 2018 жыл; бағалы қағаздардың түрі - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар; 2) көлемдері: Оңтүстік Қазақстан облысы - 18 645 880 000 (он сегіз миллиард алты жүз қырық бес миллион сегіз жүз сексен мың) теңгеден артық емес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|