Осы редакция 2018 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 8-қосымша
«Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Әділет министрінің 2016.27.05. № 363 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi): 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты - 20 минут; 3) қызмет көрсету үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|