|
|
|
14.09.2023 «Гелиос» ЖШС-нің Алматы филиалының қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Гелиос» ЖШС-нің Алматы филиалының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында жұмыстық кездесу өткізді. Кездесу барысында, Департаменттің мамандары мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған барлық өлшеу құралдары, қолданысқа беру алдында сынақтан өткізіліп, одан кейін түрін бекітіп немесе метрологиялық аттестациялап, сынап, тексеріліп және Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс екендігін кәсіпорын қызметкерлеріне жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 129-НҚ Бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Атап айтқанда, отын тарату колонколарын осы өзгерістердің арқасында аккредиттелген зертханалар = 0,4% қателік шегінде сәйкестігін тексеретін болады. Отын тарату колонкалары қазіргі заманғы жанармай құю бекеттеріндегі негізгі жабдық болып табылады және жанармайдың әртүрлі маркаларын таратуға ғана емес, сонымен қатар берілген бензин немесе дизель отынының мөлшерін есепке алуға да қызмет етеді. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын өлшеудің дұрыс емес нәтижелерінен қорғау мақсатында тізбеге иеліктен шығарылатын операциялар кезінде (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің көлемін өлшеу қосылды. Осы іс-шара шеңберінде, мемлекеттік инспекторлар «Гелиос» ЖШС-нің Алматы филиалының жауапты қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласындағы қолданыстағы заңдарының талаптарын түсіндірді. Қатысушылар техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, толық және жан-жақты жауаптар алды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |