Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында: 6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ПМБ бар адамды динамикалық байқауға алу кезінде бастапқы қарап-тексеруді жүргізеді, динамикалық байқау тобын, қарап-тексеру кезеңділігін, денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігін айқындайды, жеке тәсілді ескере отырып, емдеудің жеке жоспарын, оңалтудың жеке бағдарламасын және басқа да іс-шараларды жасайды, деректер «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес айқындалатын нысанындағы электрондық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі - ЭАЖ) енгізіледі;»; көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидаларында: 2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|