Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі № 422-1 Заңы (2019.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау 3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган 3-2-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия 2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі 4-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілік шарттары 5-бап. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм 6-бап. Селекциялық жетiстiктiң атауы 7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы 3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы 8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама 10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілігiне сараптама және сынақ 4-тарау. Автор және патент иесі 11-бап. Селекциялық жетiстiктiң авторы 12-бап. Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары 13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi 14-бап. Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi 15-бап. Патент иеленушiнiң құқықтарын бұзғаны үшiн жауаптылық 16-бап. Құқықты мұраға қалдыру 17-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқықтарын бұзу болып танылмайтын iс-әрекет 17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы 5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану 20-1-бап. Селекциялық жетістікке патентті немесе патент алу құқығын өзгеге беру 6-тарау. Патенттің қолданылуын тоқтату 21-бап. Патенттi жарамсыз деп тану 21-1-бап. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы 22-бап. Патенттiң күшiн жою және оны мерзiмiнен бұрын тоқтату 6-1-тарау. Апелляциялық кеңес және патенттік сенім білдірілген өкілдер 22-2-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері 22-3-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының отырысында қарау 22-4-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер 22-5-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері 23-бап. Осы Заңды қолдануға байланысты дауларды шешу 24-бап. Селекциялық жетiстiктердi өндiрiсте пайдалану 25-бап. Заңдық маңызы бар іс-қимылдарға ақы төлеу 27-бап. Шет елдерде селекциялық жетiстiктердi патенттеу 28-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың құқықтары
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «рұқсат етiлген», «жiберiлген» және «жiберiлетiн» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар Осы Заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айрықша құқық - патент иесінің селекциялық жетістікті өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы; 2) 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) асыл тұқымды мал - республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал; 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және оны сынақтан өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның қарауындағы ұйым; 6) бюллетень - селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 7) лицензиялық шарт - патент иесі (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) селекциялық жетістікті белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беретін шарт; 8) мемлекеттік комиссиялар - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның Ауылшаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы; 9) отырғызылатын материал - репродукциялық және вегетациялық түрде көбейетін материалды қоса алғанда, кез келген түрдегі отырғызылатын материал (тұқым, көшет, өсімдіктер және өсімдіктердің оларды көбейтуге арналған бөліктері); 10) өтініш беруші - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға; 11) патент иеленуші - патенттің иесі; 12) патенттік сенім білдірілген өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сұрпы, жануардың жаңа тұқымы (аң шаруашылығы, қоян шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда); 14) селекциялық жетістік авторы (селекционер) (бұдан әрі - автор) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсіріп шығарған жеке адам; 15) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен Қазақстан Республикасының патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі; 16) Селекциялық жетістіктердің пайдалануға рұқсат етілген мемлекеттік тізілімі - пайдалануға рұқсат етілген, өндірісте шаруашылыққа пайдалану үшін рұқсат етілген сортты, тұқымды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімі; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17) сұрып - аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады; 18) тауарлық жануар - тауарлық өнім өндіру үшін пайдаланылатын жануар; 19) тұқым - белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметінің әсерімен қалыптасқан, «өз ішінде» өсіп-өнуі үшін саны жеткілікті және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, іріктеу, таңдау, олардың генотипіне сай келетін технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйі сақталатын, сондай-ақ оны бір түрдегі басқа тұқымдардан ерекшелейтін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерінде белгілі бір ерекшелігі бар жалпы шығу тегі ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бір түрінің тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желі болып табылады; 20) Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссия - жануарлар тұқымдарының патентке қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органы; 21) ұрық (тұқым) - тұқымдық материалдың барлық ботаникалық нысандары: тұқымның өзі, жемістер, дән шоғыры, күрделі жемістердің бөліктері, баданалар мен түйнектер; 22) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-бап. Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау 1. Селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады. 2. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Патентпен селекциялық жетiстiкке берiлген құқықтық қорғау көлемi сорттың, тұқымның сипаттамасына енгiзiлген белгiлердiң жиынтығымен анықталады. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады. Патенттiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша әрбір ұзарту жылы үшін жүргізілген төлем ескеріле отырып, бiрақ он жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-бап өзгертілді 3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган 1. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады: 1) селекциялық жетiстiктерді құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын; Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын; селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын; Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын; апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын; Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарау қағидаларын; аттестаттау комиссиясы туралы ережені; апелляциялық кеңес туралы ережені; апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту; 3) селекциялық жетістіктерді тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау; 4) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу; 5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-2-бап. Сараптама ұйымы 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы: 1) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзеді; 2) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде селекциялық жетiстiктердi тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, патенттердің күшін жоюды және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуды жүзеге асырады; 3) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркейді; 4) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады; 5) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер береді; 6) селекциялық жетiстiктердi тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды; 7) тіркелген селекциялық жетiстiктер туралы мәліметтерді мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады; 8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарайды; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады. 2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі
4-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілік шарттары 1. Патент жаңалығы, ерекшелiгi, бiртектілігi және тұрақтылығы бар селекциялық жетiстiкке берiледi. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Егер өтiнiм жасалған күнге дейiн белгiлi бiр селекциялық жетiстiктiң ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта: 1) Қазақстан Республикасында - өтiнiм берiлген күнге дейiн бiр жыл бұрын; 2) кез келген басқа мемлекетте - өтiнiм берiлген күнге дейiн бiр жылдық дақылдар бойынша төрт жыл бұрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бұрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшiн басқа адамдарға бермесе, сорт, тұқым жаңа деп есептеледi. Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдеріне тиісті тектер және түрлер енгізілген күнге пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген тұқым тұқымға жаңалық талаптары қойылмай патентке қабілетті деп танылуы мүмкін. Мұндай селекциялық жетiстiктерге осы Заңның 3-бабында аталған патенттiң қолданылу мерзiмi пайдалануға ұсынылатын жылдан бастап патент берiлген жыл аралығындағы мерзiмге қысқартылады. Осы Заңның 9-бабында көзделген уақытша құқықтық қорғау мұндай селекциялық жетiстiктерге қатысты қолданылмайды. 3. Егер сорттың, тұқымның өтiнiм берiлген кезде бар екенi жалпыға мәлiм кез келген басқа сорттан, тұқымнан анық өзгешелiгi болса, олар ерекшелiк өлшемдерiне сай келедi. Патент алуға өтiнiм беру немесе сорттың, тұқымның жаңа сорттардың, тұқымдардың ресми тiзiлiмiне енгiзiлуi, осы өтiнiм беру нәтижесiнде патент берiлген немесе сорт, тұқым аталған тiзiлiмге енгiзiлген жағдайда, сортты, тұқымды өтiнiм берiлген күннен бастап кез келген елде жалпыға мәлiм етедi. Сорттардың, тұқымдардың жалпыға мәлiмдiгi өсiру, пайдалану және жариялау фактілері бойынша да белгiленуi мүмкiн. Сорттың, тұқымның сипатталу және айырықша ерекшелiктерiн анықтауға мүмкiндiк беретiн белгiлер қалпына келтiрiлетiн және дәл сипаттауға ыңғайлы болуға тиiс. 4. Егер сорттың, тұқымның көбею ерекшелiктерiн есепке алғанда осы сорт өсiмдiктерi немесе тұқым селекцияланатын белгiлерi бойынша бiртектi болса, сол сорт пен тұқым бiртектi деп есептеледi. 5. Егер сорттың, тұқымның негiзгi белгiлерi - әрбiр көбеюден кейiн, ал көбеюдiң ерекше циклы жағдайында көбеюдiң әр циклының соңында өзгерiссiз қалса, олар тұрақтылық өлшемiне сай келедi. 5-бап. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Патент алуға өтiнiм сараптама жасау ұйымына берiледi. Автордың немесе оның құқықтық мирасқорының патент алуға өтiнiм беруге құқығы бар. Селекциялық жетiстiк қызмет тапсырмасын немесе қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтiнiм беру құқығы жұмыс берушiге тиесiлi болады. Егер селекциялық жетiстiктi бiрнеше адам жасаса, ашса немесе шығарса немесе олар авторлардың құқықтық мирасқорлары болса, өтiнiмдi сол өтiнiш жасаушылар беруi мүмкiн. Өтiнiм сенімхатқа негiзделген өкiлеттiкке сүйенiп, патент алуға байланысты iстi жүргiзетiн өкiл арқылы берiлуi мүмкiн. 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Мемлекеттік комиссияда еңбек функциялары жүзеге асырылғанға дейін жүргізілген селекциялық жетістіктерді жасау, анықтау және шығару жөніндегі селекциялық жұмыс жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың қызметкерлері комиссиядағы бүкіл жұмыс кезеңі ішінде селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беруге өтінім ұсынуға құқығы жоқ. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патент алу және олардың күшiнде болуы жөніндегі істердi жүргiзедi, шағым кеңесiне қарсылықтар бередi және уәкiлеттi органда тiркелген патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдер арқылы оларды қарауға қатысады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегіндегі хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлсiз патенттермен байланысты iстердi жүргiзе алады. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi оған өтiнiм берушi немесе патент иесi берген сенімхатпен куәландырылады. 3. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм өсiмдiктiң әрбiр сортына, жануарлардың тұқымына ресiмделедi және онда: 1) патент беру туралы өтiнiш; 2) селекциялық жетiстiк сауалнамасы; 3) iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенімхат болуға тиiс. Селекциялық жетiстiкке патент беруге жасалған өтiнiмге белгiленген мөлшерде өтiнiм беруге ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi ақы төленген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек. Белгiленген мерзiмде ақы төленгенi туралы құжаттар табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген деп танылады. 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Патент алуға арналған өтiнiм қазақ немесе орыс тілінде берiледi. 09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды және оларды қарау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. Мәлiмделген сортқа, тұқымға сараптама жасауға қажеттi басқа құжаттар мен материалдар мемлекеттік комиссияның сауал салуы бойынша берiледi. Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау тәртiбiн агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды 6. Өтінім және оны қараудың барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.
6-бап. Селекциялық жетiстiктiң атауы 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Селекциялық жетiстiктiң атауы селекциялық жетiстiктi бiр ізге түсiруге мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын ботаникалық немесе зоологиялық түрдiң бар селекциялық жетiстiктерiнiң атауларынан өзгеше болуға тиiс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауға, қасиеттерiне, шығу тегiне, селекциялық жетiстiктiң маңызына, селекционердiң жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тиiс, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келмеуге тиiс. Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар сараптама жасау ұйымынан өтiнiм материалдары келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде жүзеге асырады. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Егер бiрдей сорт, тұқым үшiн селекциялық жетiстiкке берiлген өтiнiм Қазақстан Республикасына немесе басқа елдерге берiлсе, сорттың, тұқымның атауы осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келмейтiн жағдайларды қоспағанда, бiрдей сорттың, тұқымның атауы да бiрдей болуға тиiс. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Егер сорттың, тұқымның атауы осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген талаптарға сай келмесе, өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымының сауал салуы бойынша екi ай мерзімде жаңа атау ұсынуға мiндеттi. Егер аталған мерзім ішінде өтінім беруші аталған талаптарға сәйкес келетін жаңа атау ұсынбаса не шағым беру кеңесінде селекциялық жетістіктің мақұлдаудан бас тартуды дауламаса, сараптама ұйымы селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады. 4. Селекциялық жетiстiктi пайдаланушы кез келген адам, тiптi патенттiң қолданылу мерзiмi өтiп кеткен соң да, сорттың, тұқымның Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркелген атауын көрсетуге мiндеттi. 7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Сорттың, тұқымның басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күн бойынша белгiленеді. Егер сарапшы ұйымға бір мезгілде бір сол селекциялық жетістікке патент беруге екі немесе одан да көп өтінім түссе, неғұрлым бұрын жіберілген өтінімге басымдық белгіленеді. Егер өтінім берушілер арасындағы келісіммен өзгеше көзделмесе, бұл өтінімдер бір күнде жіберілген жағдайда, патент сарапшы ұйым берген неғұрлым бұрынғы тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі. Осы Заңның 5-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар келіп түскен күн, ал егер құжаттар бір мезгілде ұсынылмаса - олардың соңғысы келіп түскен күн сараптама ұйымына өтінім берілген күн болып табылады. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Басымдық Селекциялық жетiстiктердi қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қатысушы елде бiрiншi өтiнiмнiң берiлген күнi бойынша белгiленуi мүмкiн (конвенциялық басымдық). Өтiнiш берушi бiрiншi өтiнiмнiң конвенциялық басымдық құқығын ол берiлген күннен бастап 12 ай iшiнде пайдаланады. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар3-бап. Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган3-2-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия 2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі4-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілік шарттары5-бап. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм6-бап. Селекциялық жетiстiктiң атауы7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы 3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілігiне сараптама және сынақ 4-тарау. Автор және патент иесі11-бап. Селекциялық жетiстiктiң авторы12-бап. Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi14-бап. Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi15-бап. Патент иеленушiнiң құқықтарын бұзғаны үшiн жауаптылық16-бап. Құқықты мұраға қалдыру17-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқықтарын бұзу болып танылмайтын iс-әрекет17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы 5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану18-бап. Лицензиялық шарт19-бап. Ашық лицензия20-бап. Мәжбүрлеу лицензиясы20-1-бап. Селекциялық жетістікке патентті немесе патент алу құқығын өзгеге беру20-2-бап. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттары 6-тарау. Патенттің қолданылуын тоқтату21-бап. Патенттi жарамсыз деп тану21-1-бап. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы22-бап. Патенттiң күшiн жою және оны мерзiмiнен бұрын тоқтату 6-1-тарау. Апелляциялық кеңес және патенттік сенім білдірілген өкілдер22-1-бап. Апелляциялық кеңес22-2-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері22-3-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының отырысында қарау22-4-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер22-5-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері22-6-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою 7-тарау. Қорытынды ережелер23-бап. Осы Заңды қолдануға байланысты дауларды шешу24-бап. Селекциялық жетiстiктердi өндiрiсте пайдалану25-бап. Заңдық маңызы бар іс-қимылдарға ақы төлеу26-бап. Жарияланымдар27-бап. Шет елдерде селекциялық жетiстiктердi патенттеу28-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың құқықтары29-бап. Халықаралық шарттар |