|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы, ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі.»; 2-тармақ 4) тармақшадағы «айқындауға міндетті.» деген сөздер «айқындауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтауға міндетті.». 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 2-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді 1) 187-баптың екінші бөлігіндегі «293 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «293 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) 426-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, сот қаулысының заңдылығын, негізділігін, әділдігін толық көлемде тексереді және егер бұл ретте сотталғанның жағдайы нашарламаса, оларға шағымда, прокурордың өтініш-хатында көрсетілмеген негіздер бойынша өзгерістер енгізуге құқылы. 2. Егер істі қараған кезде басқа сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, бұл заңсыз үкімнің, қаулының шығарылуына алып келгені анықталса, егер бұл ретте сотталғанның жағдайы нашарламаса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағым жасалмаған, прокурордың апелляциялық өтініш хаты бойынша қайта қаралмаған бөліктерінде де және өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты да күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы. Үкімді өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты өзгертуге немесе оның күшін жоюға шағым, прокурордың өтінішхаты өзіне қатысты болатын адамға қатысты үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда ғана және қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасаған басқа да сотталғандардың әрекеттерін саралауды сәйкес келтіру үшін ғана жол беріледі. Сот сотталғанның жағдайын оның өтінішхаты немесе оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтінішхаты бойынша нашарлатуға құқылы емес.»; 2-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 431-баптың бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақтары алып тасталсын. 3-тармақ 2023 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне: 92-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын: «3. Басқа адам жасаған қылмыс туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған кезде жазасын мекемелерде өтеу белгіленіп, бас бостандығынан айыруға сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы, сондай-ақ прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген мерзімге басқа мекемеден ауыстырылуы мүмкін. 4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы іс бойынша сот талқылауына қатысу қажет болған кезде, сотталған адам орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, істі сотта қарау уақытына сот қаулысымен қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы мүмкін. 5. Егер сотталған адам басқа іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылса және оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалса, оны қауіпсіздігі аралас мекемеде ұстау мерзімдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес айқындалады. 6. Сотталған адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ құқықтық тәртіпті ұстап тұру үшін қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстырылуы мүмкін. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қауіпсіздігі аралас мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа адамдардан оқшауланып камераларда ұсталады және оларға түрін сот тағайындаған мекеме үшін осы Кодексте белгіленген шарттар қолданылады. 7. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстырылған сотталғандар: 1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға; 2) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға; 3) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы. Сотталғандар камераларда және қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады.». 4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген осы Кодексте айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.»; 2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда заңдылықты сақтау, істің толық, уақтылы, әділ қаралуын және шешілуін қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.»; 4-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 3) 27-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы, баланың тұрғылықты жерін айқындау, соның ішінде бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде айқындау; ата-анасының, жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау; заңның негізінсіз басқа адамдардың қолындағы баланы алып қою туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру (шектеулерді жою) туралы; бала асырап алу және оның күшін жою, бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; әкесін анықтау және алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз кірістеріне өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмаған адамды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.»; 4-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 4) 30-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жататын істер бойынша талап қоюларды қоспағанда, некені бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған кезде берілуі мүмкін.»; 5) 60-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Тапсырма бойынша өкіл өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өзі мүдделерін білдіретін адамның процестік құқықтарына ие болады және процестік міндеттерін атқарады.»; 6) 148-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Өкіл ұсынған және қол қойған талап қоюда, осы бөліктің 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, талаптар негізделетін заң нормасына сілтеме болуға тиіс.»; 7) 166-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Өкіл ұсынатын және қол қойған пікірде, осы бөліктің 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, қарсылықтар соған сәйкес негізделген дәлелдемелерге және заң нормасына сілтеме болуға тиіс. Пікірде істі дұрыс және уақтылы қарауға қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары мен өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.»; 8) 405-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бірінші сатыдағы соттың судьясы мерзімінде берілген және осы Кодекстің 401-бабы екінші бөлігінің екінші абзацының, 403, 404-баптарының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін мынадай әрекеттерді жасайды:»; 4-тармақтың 9) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 9) 413-бапта: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы баптың төртінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық сатыдағы сотта бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қою нысанасы мен негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру, қарсы талап қою туралы қағидалар қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот шешімінің күші жойылған және іс мәні бойынша қарау үшін қабылданған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды және шешеді.»; 10) 416-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Апелляциялық сатыдағы сот прокурорға апелляциялық сатыда қаралуға жататын істер туралы хабарлайды.»; 4-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 11) 424-бапта: бірінші бөлікте: 5) тармақша алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот шешімінің күші жойылған жағдайда, істі бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша мәні бойынша қарау үшін өзінің іс жүргізуіне қабылдауға;»; екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын; 4-тармақтың 12) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 12) 425-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) іс бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша мәні бойынша қаралғаннан кейін жаңа шешім қабылданған жағдайда, осы Кодекстің 424-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6) тармақшасында көзделген жағдайларда қаулы;»; 4-тармақтың 13) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 13) 427-бапта: бірінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) жүргізілу міндеттілігі осы Кодексте көзделген кезде істе жеке процестік әрекет хаттамасының болмауы негіз болып табылады.»; төртінші бөлік 5) тармақшасындағы «қол қойған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.» деген сөздер «қол қойған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) жүргізілу міндеттілігі осы Кодексте көзделген кезде істе сот отырысы хаттамасы болмаған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған кезде апелляциялық сатыдағы сот ұйғарым шығарады. Ұйғарымда істі бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшу туралы, іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және оларды жасау мерзімдері көрсетіледі. Көрсетілген әрекеттер аяқталғаннан кейін істі әдеттегідей апелляциялық сатыдағы соттың сол құрамы қарайды. Қалған жағдайларда, оның ішінде жаңа шешім шығарылып, сот шешімінің күші жойылған кезде, апелляциялық сатыдағы сот істі бір сот отырысында бір сот актісін қабылдай отырып, қарайды.»; 5-1 бөлік алып тасталсын; 4-тармақтың 14) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 14) 451-баптың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауға жібереді; 4) осы Кодекстің 427-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, бірінші сатыдағы сот шешімінің, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауға жібереді;». 5. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне: 1) 91-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.»; 2) 138-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Судья жауапкерді Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес дайындалған және ресімделген жазбаша пікірді және жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әкімшілік іспен бірге (бар болса) беруге міндеттейді. Талап қоюшы алдын ала тыңдау сатысында пікірмен және ұстаныммен танысады. Оларды судья белгілеген мерзімде ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдануға негіз болып табылуы мүмкін және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.». 6. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына: 12-баптың 7-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.». 7. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот приставына нысанды киім (погонсыз), сәйкестендіру картасы және жетон беріледі, олардың үлгілерін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітеді.»; 2) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уәкілетті орган Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) сот приставтарының бөлімшелерін құрады.». 8-тармақ 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 8. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 5-баптың екінші бөлігіндегі «Жоғарғы Соты» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 5-2-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Жоғарғы Сотының», «Жоғарғы Соты» деген сөздер тиісінше «Жоғары Сот Кеңесінің», «Жоғары Сот Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 59-бапта: 4-тармақтың үшінші, бесінші және алтыншы бөліктеріндегі «Жоғарғы Соты», «Жоғарғы Сотының» деген сөздер тиісінше «Жоғары Сот Кеңесі», «Жоғары Сот Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-1-тармақтағы «Жоғарғы Сотына» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-7-тармақтағы «Жоғарғы Соты», «Жоғарғы Сотының» деген сөздер тиісінше «Жоғары Сот Кеңесі», «Жоғары Сот Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-9-тармақтағы «Жоғарғы Сотының» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-11-тармақтағы «Жоғарғы Сотымен» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-12 және 8-13-тармақтардағы «Жоғарғы Сотына», «Жоғарғы Соты» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесіне», «Жоғары Сот Кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 63-бапта: 3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көр сетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты бекітеді.»; 4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Сот төрелігі академиясының жарғылық қызметіне байланысты тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппаратымен келісу бойынша Сот төрелігі академиясы бекітеді.». 9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде: 9-тармақтың үшінші абзацы 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді «Жоғарғы Соты» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын; «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 10-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Кеңестің жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді. Кеңес Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Сот төрелігі академиясын құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»; 2) 3-баптың 1-тармағында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңес тірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады: конкурстың қорытындылары бойынша аудандық соттың судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; конкурстың қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына баламалы негізде ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;»; 2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау не сайлау мәселелерін қарайды: жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;»; 10-тармақтың 2) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) аудандық сот төрағасының бос лауазымына сайлау үшін кадр резервінде тұрған адамдардың және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдардың қатарынан кандидатураларды облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына ұсынады; 3-2) облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдардың қатарынан аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады: іріктеудің қорытындылары бойынша аудандық сот төрағасының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда төрағалардың, сот алқалары төрағаларының және судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды: Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымынан босатуды ұсынады; Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді;»; мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) бір жыл мерзім өткеннен кейін судья лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның жұмыс нәтижелерін қарайды және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешеді; 5-2) зейнеткерлік жасқа толғанда судья лауазымында болу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайды;»; 10-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма төртінші абзацтары 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын: «5-3) Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясын жалпы басқаруды жүзеге асырады;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, Кеңестің ұсынымын алған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады;»; 3) 4-баптың 6-тармағындағы «шетелдік сарапшыларды және» деген сөздер алып тасталсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |