|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде: 112) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «112) камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мәліметтер тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыну тәртібін айқындау;»; 117), 118) және 119) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «117) шегілетін темекі бұйымдарында, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарда, қорқорға арналған темекіде, қорқор қоспасында, темекі қыздыруға арналған жүйелерде никотин мен шайырлы заттар болуының шекті жол берілетін деңгейлерін айқындау; 118) инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі жайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 119) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 202) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «202) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық маңызы бар бұйымдар бағасын реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 205) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|