Осы редакция 2015 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 8-қосымша
«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) ай ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру немесе квоталарды өзгерту немесе сертификатты қайта ресімдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|