«Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 384 бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Кітапханалар қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4748 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2007 ж., маусым, жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:»;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Кітапханалар қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалары:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін анықтайды.»;
1-1-тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«1-1. Осы Қағидада мынадай түсініктер қолданылады: