ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы (2023.31.07. берілген өзгерістермен) ҚР Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруды, мемлекеттiк билiк органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiленген тәртiппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 5 сәуір
№ 545
Президентінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 545 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі (бұдан әрі - Арнаулы өкіл) мемлекеттік саяси қызметшi болып табылады. 2. Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi Басшысының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Арнаулы өкіл Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|