Техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.23.02. № 212 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.24.05. № 329 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|