Қазақстан Республикасының (2017.20.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды және «жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер тиісінше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және дүниежүзілік экологиялық желінің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi; 2) бөрене тілу - ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) -судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi; 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу, оның ішінде жедел ден қою сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы - жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі; 11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу - мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу; 12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау; 13) интродукция - өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi көшіру немесе кездейсоқ көшіру; 14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы; 15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері; 16) рекреациялық жүктеме - есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны; 17) Табиғат жылнамасы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы; 18) табиғи кешендер - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы; 19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану - табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану; 20) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер; 21) техникалық-экономикалық негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау; 22) экологиялық дәлiз - тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi; 23) экологиялық желi - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі. 3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер: 1) биологиялық саналуандықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау; 3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағартуды, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық; 7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы; 8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетімділігі; 9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып табылады.
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесіне: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган; 3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді органдары; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары; 6) табиғат қорғау ұйымдары; 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды: 1) Қазақстан Республикасының Президенті; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 3) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган; 4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар; 5) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерімен айқындалған өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасы Yкіметінің құзыретіне: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін иелену, пайдалану және иелік ету құқығы; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органды айқындау; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін алып қоюға шешім қабылдау; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді 4) мыналарды: еспубликалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін; мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін; биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін; республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын; өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін бекіту; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін беру және алып қою; 6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту; 2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-1) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана уәкілетті органның үсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-2) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде, уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды 6-3) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін алып қою туралы шешім қабылдау; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-бап. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi Уәкілетті органның құзыретіне: 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу; 2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-1) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату тәртібін әзірлеу және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде ұсыныстар енгізу; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; 5-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды 5-2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды 5-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді 6) мыналарды: заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін; республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді; республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын; табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін; өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін; заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін; республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн; осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту; |