«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы (2020.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2020.06.04. № 175 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2043 жылға дейінгі кезеңге «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысымен бекітілген
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2019.08.05. № 266 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.13.11. № 846 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан. АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 3014 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 5 субаймақ: ауданы 297 гектар тарихи орталық, ауданы 1350 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай кіреді. 1) Түркістан қаласын жеделдете дамыту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|