ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасында: «1. Кіріспе» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «1-бөлім. Кіріспе»; 2) тармақша алып тасталсын; «2. Ағымдағы ахуалды талдау» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау»; «2.1. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне және әскери қатерге ықпал ететін негізгі жағдайлар мен факторлар» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне және әскери қатерге ықпал ететін негізгі жағдайлар мен факторлар»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) әлемде жаппай қырып-жоятын қару ауқымының өрістеуі, сондай-ақ жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған жаппай әсер ететін қарудың жасалуы;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер етудің (кибершабуылдың) жүзеге асырылуы.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Қазіргі заманғы жағдайлар мен факторларға сүйенсек:»; «2.2. Қазіргі заманғы әскери жанжалдар сипаты» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Қазіргі заманғы әскери жанжалдар сипаты»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|