Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы (2023.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2023.16.03. № 219 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2023.16.03. № 219 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мыналар: 1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну; 2-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады 2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу; 3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. 3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын. ҚР Үкіметінің 2020.03.07. № 421 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қоғам жанынан осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда Сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) құрылсын. 5. Қоса беріліп отырған Сараптама кеңесі туралы ереже бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|