Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу (2007.30.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Үкіметтік байланыс агенттігі" деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы"; 3) "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат): 3-тармақ алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|