«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылдықта бір рет өзектендіріледі. Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген жағдайда, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|