Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына 1-қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 01-1491 Қаулысымен күші жойылды
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - қызмет беруші) «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) қызмет берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО); 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.е.gov.kz. (бұдан әрі -портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - бала туу туралы куәлік, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілген туу туралы қайталама куәлік қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|