Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 5-қосымша
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаты
1. Осы «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады. Лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияның қолданысын тоқтату үшін сауал, көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын қайтара отрып, лицензияны электронды нысанда ресімдеу жағдайын қоспағанда. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетілді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|