Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Өнеркәсіптік саясат туралы» 6-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 208 бұйрыққа 1-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|