ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен талап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 6-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар (2018.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Конкурстық құжаттамаларға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама жүргізу кезінде осы Талаптардың сақталуы міндетті болып табылады. 3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, мыналарды: 1) конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын; 2) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелер жөніндегі мамандандырылғанұйымды тартады. 4. Осы Талаптарда көзделген негізгі міндеттер: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау; Заңда белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия қағидаттарын сақтау; жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау; концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың алдын ала есептеулерін бағалау; жоба тәуекелдерін бөлуді және басқаруды бағалау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|