Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде: «Зергерлік бұйымдар, шеберлердің алтын мен күмістен жасаған бұйымдары және басқа бұйымдар» деген 20-бөлім алынып тасталсын; 2) «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 208-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі сауда ережесінде: 46 және 173-тармақтардың екінші абзацтарындағы «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылсын; 172-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) оларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сынамалық таңбасы (қазақстандық өндірістің бұйымдары үшін) мен шығарушы бедерлерінің болуын тексеруді;»; мынадай мазмұндағы 184-1-тармақпен толықтырылсын: «184-1. Аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|